Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден Варшава әуежайында ұшаққа көтеріліп бара жатып сүрініп қалды (видео)

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Getty Images/ Jim Watson/ Contributor

АҚШ президенті Джо Байден Польшадағы Варшава әуежайында ұшақтың басқышымен көтеріліп бара жатып, сүрініп кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды The New York Post.

АҚШ президенті Украинаға сенсациялық сапарынан кейін Польшаға барды.

Джо Байденнің Польшадағы сапары аяқталып, Варшавадағы Шопен әуежайында ұшаққа басқышпен көтеріліп бара жатқан ол сүрініп кеткен. Кейін президент орнынан тұрып, қол бұлғап, есікке қарай бет алғанын видеодан байқауға болады.

Айта кетейік, бұл - АҚШ президентінің ұшаққа отыру кезіндегі бірінші рет сүрінуі емес. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылғы наурызда рейс алдында Байден ұшақ басқышында үш рет сүрініп кеткен еді. АҚШ-тағы Ақ үйдің баспасөз қызметі ол кезде оқиғаға қатты жел себеп болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Джо Байден 20 ақпанда Киевте Владимир Зеленскиймен кездесті. Кейінірек екі тараптың айтулы оқиғаға алдын ала дайындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010503-dzo-baiden-varsava-auezaiynda-usaqqa-otyratyn-kezde-kezde-curinip-qulap-qaldy-video/

pixel