jitsu gif branding logo appbranding logo app

Джо Байден Украинаға келді (фото, видео)

Владимир Зеленский мен Джо Байден. Фото
Владимир Зеленский мен Джо Байден. Фото: Владимир Зеленскийдің ресми Facebook парақшасы

Украиналық БАҚ АҚШ президенті Джо Байденнің ел астанасы Киевке келгені жайлы ақпарат таратты. Кейін Владимир Зеленский аталған ақпаратты өзінің ресми Facebook парақшасында растады.

"Президент Джо Байден, Киевке қош келдіңіз", – деп жазды ол.

РБК-Украинаның хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден Киевке ешкімге хабар берместен келген. Бұл сапар АҚШ көшбасшысының президент ретінде Украинаға алғаш рет келуі болып отыр.

Сонымен бірге басылымның хабарлауынша, америкалық президент Михайловск алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге қайтыс болған батырлардың рухына тағзым еткен.

Айта кетейік, бұған дейін Страна.ua басылымы Киевте Михайловск собор жанында қарауыл тұрғанын, әдетте ол шетелден мемлекет басшылары келгенде қойылатынын хабарлаған еді.

Бұған қоса, Михайловск алаңы толығымен жабылғандығы белгілі болды.

Кейін Джо Байден Twitter-дегі ресми аккаунтында мәлімдеме жасады.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

"Ресейдің Украинаға басып кіргеніне жақын арада бір жыл толады және бүгін мен президент Зеленскиймен кездесу үшін Киевке келдім. Сондай-ақ осы сапар арқылы біз Украинаның аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі мен демократиясын мойындайтынымызды тағы да растаймыз", - деді ол.

Сонымен бірге Байден соңғы жылы АҚШ қайтарымсыз гуманитарлық, экономикалық және әскери көмек көрсету арқылы Украинаны қорғау үшін елдер коалициясын құрғандығын мәлімдеді.

Бұдан бөлек Байден Зеленскиймен кездесу барысында АҚШ-тың 500 млн доллар көлеміндегі жаңа әскери көмегі пакеті туралы хабарлады. Аталған көмекке қатысты толық ақпарат ертең, 21 ақпанда белгілі болады деп күтілуде.

Джо Байден Украинаға келді (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.