jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Nokia 60 жылда алғаш рет өз логотипін өзгертті

Nokia телефоны. Көрнекі сурет
Nokia телефоны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Финляндиялық Nokia компаниясы логотипін өзгертіп, стратегиясын жаңартты. Тиісті жазба компания президенті Пекки Лундмарктың блогында пайда болды.

"Біз стратегиямызды жаңартып жатырмыз және негізгі фактор ретінде логотипімізді де жаңартпақпыз. Алдыңғы логотиптің "күш-жігеріне" сүйене отырып, біз оны заманауи әрі цифрлық етіп жасадық. Сонымен бірге біз онда өз болмысымызды көрсететін боламыз", – делінген компания президентінің хабарламасында.

Лундмарк, бұдан бөлек, логотип Барселонадағы көрмеде ұсынылғанын және бүгінде ол барлық сайттар мен активтерде енгізіліп жатқанын хабарлады.

Nokia компаниясының жаңа логотипі
Nokia компаниясының жаңа логотипі. Фото: nokia.com

Айта кетейік, компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бүгінде әйгілі Nokia-ның 130 елде өкілдігі бар және оның бизнесте жүргеніне 155 жылдан астам уақыт өткен.

Nokia 60 жылда алғаш рет өз логотипін өзгертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.