Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық танымал вайнер өмірден өтті

Опубликовано:

Фарход Маннопов
Фарход Маннопов. Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда танымал вайнер Фарход Маннопов (Mottivine) 27 жасында өмірден өтті. Бірер күн бұрын бассейнде жарақат алған Маннопов операциядан кейін көз жұмған, қазір прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Фарход Манноповтың қайтыс болғанын досы Ұлықбек Шодибеков хабарлаған. Бірақ ол вайнердің неден көз жұмғанын ашып айтпаған.

Басылымның хабарлауынша, кейін әлеуметтік желілерде Шодибековтың Манноповпен бірге сол күні болған оқиға туралы айтып жатқан видеосы тараған.

Шодибековтың сөзінше, олар бассейнге бірге барған, суға түсу кезінде Маннопов бассейннің ернеуіне байқамай басымен соғылып, мұрны мен басын жарақаттап алған.

"Таныстарының айтуынша, оқиғадан кейін вайнер ота жасату үшін Ташкенттегі жеке клиникалардың біріне жүгінген. Ол наркоздан кейін операция кезінде комаға түсіп, есін жимаған", - деп жазады басылым.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов Фарход Манноповтың өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Прокуратураның мәліметінше, Маннопов 5 наурызда операциядан кейін қайтыс болған. Қазір дәрігерлердің қызметіне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Манноповтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, бұл іс бойынша дәрігерлер ұсталып, түрмеге жабылды деген ақпарат негізсіз және шындыққа жанаспайды", - дейді Хаёт Шамсутдинов.

Айта кетейік, Фарход Маннопов (Mottivine) Instagram желісінде 1 млннан астам оқырманы бар, әзіл роликтер түсіретін вайнер ретінде танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011824-ozbekstandyq-tanymal-vainer-operaciyadan-keiin-qaitys-boldy/

pixel