Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанға келді

Опубликовано:

Иманғали Тасмағамбетов пен Садыр Жапаров
Иманғали Тасмағамбетов пен Садыр Жапаров. Фото: Рresident.kg

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстан Республикасының жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесу үшін Бішкек қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ел президенті Садыр Жапаровпен кездескен.

Кездесуде тараптар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ ұйым ішіндегі өзара әрекеттестіктің басты бағыттарын талқылағаны айтылған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанның аймақтағы қауіпсіздік кепілі ретінде ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті.

Екіжақты кездесу барысында әскери, ақпараттық және гуманитарлық сипаттағы шараларды үйлестіру мақсатында Қырғызстан биыл өз аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлесіп "Мызғымас бауырластық – 2023" оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.

ҰҚШҰ Бас хатшысы И.Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2023 жылға жоспарланған бағдарламалары мен басымдықтары, сондай-ақ ҰҚШҰ ХҚКО-ның келесі сессиясына дайындық барысы туралы баяндады.

Еске салсақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына алты мүше мемлекет: олар – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012499-uqsu-bas-xatsysy-imangali-tasmagambetov-qyrgyzstanga-keldi/

pixel