jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Мұсылман көшбасшысы патшаның келіні Кейт Миддлтонның қолын алмай қойды (видео)

Кейт Миддлтон
Кейт Миддлтон. Фото: instagram/princeandprincessofwales

Ұлыбритания патшасы ІІІ Карлдың келіні, Уияльм ханзаданың әйелі Кейт Миддлтон ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кейт Миддлтон жұбайы Уильям ханзадамен бірге Лондондағы Хейс ислам орталығына барған. Олар Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қаражат қаншалықты жиналып жатқанына қызығушылық танытады.

Кейт Миддлтон ислам орталығына кірерде басына ақ орамал таққан. Бірақ мұсылмандар арасында ер адам мен әйел адамның қол алысып амандасуға болмайтынын ұмытып кетсе керек. Ол ислам орталығындағы мұсылман көшбасшыларының бірі - Иман Суфьян Икбалаға қолын созады.

Осы орайда Иман басын иіп, жүрегін қолына қойып, герцогиняға құрмет көрсеткен. Алайда Кейттің қолын алмаған. Миддлтон өз қателігін тез түсініп, қолын тартып алады.

Айта кетелік, ислам дінінде әйелдің өз күйеуімен және туыстарымен ғана қол алысуына болады.

Мұсылман көшбасшысы патшаның келіні Кейт Миддлтонның қолын алмай қойды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.