Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

"Бұл күнді 57 жыл күттім": Жарты ғасыр бұрын өлім жазасына кесілген ер адамның үкімі қайта қаралатын болды

Опубликовано:

Ивао Хакамада
Ивао Хакамада әпкесі Хидекомен бірге. 2019 жыл. Фото : bbc.com

Жапонияның Жоғарғы соты 1968 жылы бір отбасының төрт адамын өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілген 87 жастағы Ивао Хакамадаға қатысты үкімді қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің жазуынша, Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәліметіне сәйкес Ивао Хакамада әлемде өлім жазасын ұзақ күткен адам саналды.

Басылымның мәліметінше, Хакамада бастығын, оның әйелі мен екі баласын тонады, өлтірді деген айыппен қамауға алынған. Олардың денелері 1966 жылы Токио маңындағы соя өңдеу зауытында болған өрттен кейін пышақ жарақаттарымен табылған. Бұрын кәсіпқой бокспен айналысқан Хакамада 20 күндік жауап алудан кейін кісі өлтіргенін мойындаған.

Алайда сот барысында Хакамада тергеушілер оны ұрып-соққанын, мойындауына азаптаулар түрткі болғанын айтқан. Оның адвокаттары да тергеушілер дәлелдемелерді қолдан жасады деп санайды.

2014 жылы Жапонияның аймақтық соты Хакамаданы қамаудан босатып, істі қайта қарауды бұйырған. Сол кезде судьялар да оның кінәсі туралы дәлелдер ойдан шығарылған болуы мүмкін деген шешім шығарған. Алайда Токио соты бұл шешімнің күшін жойған.

Бірақ Жапонияның Жоғарғы соты Хакамаданың ісі бойынша қайта сот тыңдауын өткізу туралы шешімді қолдап отыр.

"Мен бұл күнді 57 жыл күттім, бұл күн де туды. Арқамнан жүк түскендей болды", - дейді Хакамаданың 90 жастағы әпкесі Хидеко.

Ол ұзақ жылдан бері ағасының үкімін қайта қарауды талап етіп келеді.

Дегенмен, қолданыстағы ережелерге сәйкес, Хакамаданың ісін қайта қарауға тағы бірнеше жыл қажет болуы мүмкін, жапониялық авдокаттар сот билігінен бұл процедураны қысқартуды сұраған.

"Біз 47 жыл түрмеде отырғаннан кейін физикалық, психикалық ауруға ұшыраған 87 жастағы Хакамаданың құқықтарын қалпына келтіруді одан әрі кешіктіруге жол бере алмаймыз", - дейді Жапония адвокаттар алқасының басшысы Мотодзи Кобаяси.

Айта кетейік, әлемнің дамыған демократиялық елдерінің ішінде өлім жазасы Жапония мен АҚШ-та ғана жойылмаған. Құқық қорғаушылар адамның кінәсін анықтауда оның мойындағанына басымдық беретін жапониялық сот жүйесін бірнеше рет сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012762-bul-kundi-57-zyl-kuttim-zarty-gasyr-buryn-olim-zazasyna-kesilgen-adamnyn-ukimi-qaita-qaralatyn-boldy/

pixel