Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ басшысы коронавирус пандемиясы биыл аяқталуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Көшеде маска тағып жүрген адамдар
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы 2023 жылы аяқталады деп үміттенуге болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы атап өткендей, қазір аптасына коронавирустан қайтыс болғандар саны алғаш рет пандемия жарияланған кездегіден аз тіркелген.

"Биыл қандай да бір уақытта біз COVID-19 халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін", – деп қосты ол.

Гебрейесус сонымен қатар "немқұрайлы дүрбелең циклін" қайталамау үшін пандемиядан сабақ алу маңызды екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012884-ddsu-bassysy-koronavirus-pandemiyasy-biyl-ayaqtaluy-mumkin-ekenin-aitty/