Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жарылыс пен қара түтін: Ростов-на-Донуда Ресей ФҚҚ шекара қызметінің ғимараты өртенді (видео)

Опубликовано:

Ростов-на-Дону қаласындағы өрт
Ростов-на-Дону қаласындағы өрт. Видеодан кадр: Т.me/breakingmash

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің Ростов облысы бойынша шекара қызметі ғимараттарының бірі өртенді. Оқиға орнында болған куәгерлер видеомен бөлісті.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы ФҚК шекара қызметі ғимараттарының бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына кезекші қызмет жөнелтілді.

Гараждары бар ғимарат өртеніп жатқаны хабарланды.

"Гараждар өртеніп жатыр, үлкен екі қабатты ғимарат. Ол жерде екінші қабатта қоймалар бар", – деді Ресейдің ТЖМББ аймақтағы өкілі.

Оқиға салдарынан соңғы мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, тағы екі адам жараланған.

Ал оқиға куәгерлері Mash Telegram-арнасына өрт алдында қатты жарылыс естігендерін айтты.

Желіде көрші үйлердің көрінісі де жарияланды. Өртеніп жатқан ғимараттан қою қара түтін көтерілуде. Соңғы мәліметтер бойынша өрт аумағы 800 шаршы метрден асады.

"Материалдық-техникалық жабдықтары бар қоймалар өртеніп жатыр. Қазір атылған дыбыстар тоқтап қалды. Сиверс даңғылы (өртеніп жатқан ғимарат орналасқан – ред.) жабылды, жанып жатқан аумаққа жедел жәрдем көліктері келе бастады. Қалалық ауруханалар дайын – олар зардап шеккендерді күтуде", – деп жазады Mash.

Don Mash Telegram-арнасы обылстағы ФҚҚ шекара басқармасы ғимаратында жарылыс болған сәтті көрсетті.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев өзінің Telegram-арнасында өрттің алдын ала болжам бойынша шығу себебі сымдардағы қысқа тұйықталу екенін айтты.

"Алдын ала анықталғандай өрттің шығуына ғимарат ішіндегі электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған. Өрттің кеңеюі жанар-жағармай құйылған контейнерлердің жарылуына себеп болған. Өрт 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан екі қабырға опырылды. Өртті сөндіруге Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 бірлік техникасы мен жеке құрамдағы 63 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендердің бірі орташа ауырлық дәрежесімен ауруханаға жатқызылды", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013210-qatty-zarylys-pen-qara-tutin-rostov-na-donuda-resei-fqq-sekara-qyzmetinin-gimaraty-ortendi-video/

pixel