Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

"Бұл тіл бәрімізді біріктіргенін қалаймын": Майя Санду Молдованың мемлекеттік тілінің атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Майя Санду
Майя Санду. Фото: Michael Nagle/Bloomberg via Getty Images

Сәрсенбіде Молдова президенті Майя Санду елдің мемлекеттік тілінің атауын "молдован тілінен" "румын тіліне" өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін атауды өзгерту туралы заң жобасын Молдова парламенті мақұлдаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ВВС-дің Орыс қызметіне сілтеме жасап.

Майя Санду Молдова билігінің неліктен мұндай шешім қабылдағанын түсіндіріп өтті.

"Мен румын тілі осында тұратын және осы жерді жақсы көретін бәрімізді біріктіргенін қалаймын. Біз бүкіл әлем бойынша 27 миллионнан астам адаммен бірге Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі румын тілінде сөйлейміз", - деп жазды Санду Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Сонымен қатар ол ел Конституциясында, заң мәтіндерінде және барлық мемлекеттік құжаттамада тілдің сипаттамасы өзгеретінін айтты.

Жарлыққа қол қойғаннан кейінгі жазбасында Майя Санду ондаған жыл бойы молдаван және румын тілдерінің және халықтарының бөлінуін қолдан жасалған және үшінші тарапқа тиімді деп санайтынын айтқан.

"Біз Молдова Республикасының азаматтары, румын тілінде емес, "молдаван" тілінде сөйлейтінімізді ондаған жыл бойы айтып келе жатқандар бір нәрсені ғана көздеді: ол - бізді бөлу.

Ұлтты екіге бөлген соң, оны бағындыру да, басқару да оңайырақ. Бөлінген халық бірігіп, өзін қорғай алмайды да. Бізді бөліп жіберуге тырысқандарды лингвистика емес, Молдованы үнемі ұлттық тартыста қалай ұстап тұру керектігі алаңдатты", - дейді ол.

Молдова президентінің жазбасы бір тәулік ішінде 12 мың лайк пен 1,5 мың пікір жинап үлгерген, желі қолданушыларының дені "Құттықтаймыз!" деп пікір қалдырған.

Әлеуметтік желілердегі мыңдаған лайкты қоспағанда, биліктің бұл шешімі Молдова қоғамында ешқандай реакция тудырмаған.

Себебі елде "румын тілі" тіркесі 1990 жылдан бері қолданылып келеді. Ол кезде мектептердегі ұлттық тіл сабақтары бұрынғыдай молдаван тілі емес, румын тілі сабағы деп атала бастады. Жалпы білім беретін оқу орындарының бағдарламаларында ел тарихы "румындардың тарихы" деп аталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013855-bul-til-barimizdi-biriktirgenin-qalaimyn-maiya-sandu-moldovanyn-memlekettik-tilin-ozgertu-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/

pixel