Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның жойқын зілзаладан қираған провинциясында тағы да екі рет жер сілкінді

Опубликовано:

Түркия. Кахраманмараш қаласы
Кахраманмараш жойқын жер сілкінісінен кейін. Фото: Celestino Arce/NurPhoto via Getty Images

Ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністері салдарынан ондаған мың адам көз жұмған Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің жазуынша, осы бейсенбі күні Кахраманмараш провинциясында жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45-те (ред. - Астана уақытымен сағат 11:45) магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Сол күні елдің оңтүстік-шығысындағы провинцияда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:19-да (ред. - Астана уақытымен сағат 15:19) магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасына (AFAD) сілтеме жасап. Жер сілкінісінің ошағы - Гексун аймағында орналасқан.

Екі жер сілкінісінен де зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, адамдар үйінді астында қалды.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда ақпандағы зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013861-turkiyanyn-zoiqyn-zilzaladan-qiragan-provinciyasynda-tagy-da-eki-ret-zer-silkindi/

pixel