Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шотландия үкіметін алғаш рет мұсылман адам басқаратын болды

Опубликовано:

Хамза Юсуф
Хамза Юсуф: aa.com.tr

Шотландияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған Шотландия ұлттық партиясының жетекшісі Хамза Юсуф ресми түрде қызметіне кірісті, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, ант беру рәсімі Эдинбургтегі Шотландия Жоғары сотының ғимаратында өткен.

Жаңа үкімет басшысы Жоғары сот судьялары және аға судьялардың алдында адал қызмет етуге ант берген.

Айта кетейік, ұлты пәкістандық 37 жастағы Хамза Юсуф - Шотландияда жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы мұсылман адам.

Оның кандидатурасын Шотландия парламентінде көпшілігі қолдаған.

Агенттіктің жазуынша, жаңа премьер жақын арада министрлер кабинетінің құрамын жариялайды.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Шотландия үкіметін 8 жыл басқарған Никола Стерджен отставкаға кететінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2014641-sotlandiya-ukimetin-algas-ret-musylman-er-adam-basqaratyn-boldy/

pixel