Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда Рамазан айының құрметіне тегін азық-түлік тарату кезінде 12 адам қаза тапты

Опубликовано:

Пәкістанға қысылысу салдарынан қаза тапқан адам
Пәкістанда тегін тамақ тарату кезінде 12 адам қаза тапқан. Фото: sky.com

Пәкістанның Карачи қаласындағы фабрика маңында Рамазан айының құрметіне тегін таратылған азық-түлікті алуға келгендердің көптігінен адамдар қысылып, салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sky News агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттік мәліметінше, полиция адамдардың қысылысу кезінде 40-80 жас аралығындағы тоғыз әйел мен 10-15 жас аралығындағы үш бала қаза тапқанын мәлімдеген.

Акциядан кейін фабрика директорымен бірге сегіз адам қамауға алынған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, кейбір адамдар кәріз шұңқырына құлап кеткен. Куәгерлердің сөзінше, құбыр жанындағы қабырға опырылып, салдарынан адамдар қаза тауып, жарақат алған.

"Фабрика басшылығы фабриканың ішкі қақпасын ашпаған. Көшенің тарлығынан кезекте тұрған адамдар егде жастағы әйелдер мен балаларды итерген. Салдарынан әйелдер мен балалар қысылсудың құрбаны болған", - дейді полициядан.

Басылымның жазуынша, қасиетті Рамазан айы басталғалы осындай қысылысудың салдарынан кем дегенде 23 адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2015137-pakistanda-ramazan-aiynyn-qurmetine-tegin-azyq-tulik-taratu-kezinde-12-adam-qaza-tapty/

pixel