Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ең ірі жанартаулардың бірі атқылап, елдімекендерді күл басып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Күлге басқан көлік
Күлге басқан көлік. Оқиға орнынан фото: instagram.com/kamtoday.ru

Ресейдің Камчатка аймағындағы Шивелуч жанартауы атқылай бастайды. Салдарынан кей ауылдарды күл басып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар аттанды, деп хабарлайды РИА Hовости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің жазуынша, Шивелуч жанартауының атқылауы жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні таңсәріде басталған.

Жергілікті биліктің журналистерге берген мәліметі бойынша жанартаудың атқылауынан тараған күл бұлты қазір солтүстік-батысқа қарай 500 километрге созылып жатыр. Сондай-ақ бірқатар ауылды күл басып қалған. Күл бұлты жанартаудан 450 километр жерде орналасқан Петропавловск-Камчатскийға дейін жетуі мүмкін деп күтілуде.

"Күл бұлты Шивелучтен солтүстік-батысқа қарай 500 шақырымға созылып, таралуын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Усть-Камчатск ауданындағы Ключи және Козыревск ауылдарында күлдің түсуі күшейіп жатыр", - деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Басылымның мәліметінше, оқиға орнына аттанған құтқарушылар тобы тұрғындарға жеті мың медициналық маска жеткізіп, Ключи ауылының тұрғындарына көмек көрсетеді.

Ғалымдардың айтуынша, Ключи ауылында соңғы 60 жылда мұндай қатты күл басу оқиғасы болмаған.

Сондай-ақ басылым билік Усть-Камчатск ауданының тұрғындарына аса қажет болмаса үйлерінен шықпауға кеңес бергенін, аймақта мектептер жабылып, көлік қозғалысы шектелгенін атап өтті.

Басылым ақпаратынша, Шивелуч - Камчаткадағы ең ірі жанартаулардың бірі. Ол үш негізгі құрылымды қамтиды: Ескі Шивелуч жанартауы, ежелгі кальдера және белсенді Жас Шивелуч жанартауы. Жас Шивелучтың лава күмбезінің биіктігі - 2500 метр.

Сондай-ақ Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс филиалының Жанартаутану және сейсмология институтында жанартауға авиация үшін "қызыл" (ең жоғары - ред.) қауіптілік коды берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2016244-reseide-zanartau-atqylap-eldimekenderdi-kul-basyp-qaldy-foto-video/

pixel