jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Әйгілі Леди Гага Ақ үйде лауазымды қызметке тағайындалды

Леди Гага
Леди Гага. Фото: Axelle/Bauer-Griffin/FilmMagic

Әйгілі америкалық әнші Леди Гага Ақ үйдің қызметкері атанды. 13 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Джо Байден Леди Гаганы АҚШ президентінің өнер және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі комитетінің төрағасының бірі етіп тағайындады.

Хабарламада Леди Гаганың әнші, әндердің авторы, актриса және филантроп екені айтылған. Айта кетейік, 13 рет Грэмми сыйлығын жеңіп алған әнші тарихтағы ең табысты әйел музыканттардың бірі.

Актриса ретінде ол "Звезда родилась" фильміндегі рөлімен танымал, осы рөлі үшін "Үздік әйел рөлі" номинациясында "Оскар" сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ "Американская история ужасов: Отель" фильміндегі рөлі үшін "Алтын глобусты" жеңіп алған. Ал "Оскар" сыйлығын ең үздік саундтрек ретінде "Звезда родилась" фильміне жазылған Shallow әні үшін алған.

Ақ үйдің ресми сайтында президент жанындағы Өнер және гуманитарлық ғылымдар комитеті 1982 жылы президент бұйрығымен президентке мәдениет саясаты бойынша кеңес беру үшін құрылғаны туралы хабарланған.

Әйгілі Леди Гага Ақ үйде лауазымды қызметке тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.