Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1500 жыл бұрын жазылған: Құранның ең көне түпнұсқасы қай қалада сақтаулы тұр

Опубликовано:

Ташкенттегі көне Құран
Ташкенттегі көне Құран. Видеодан кадр: Sputnik Өзбекстан

Әлемдегі ең көне - 1500 жыл бұрын жазылған Құранның түпнұсқасы қай қалада сақтаулы екені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Узбекистан-ға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Ташкенттегі "Муйи Мубарак" медресесінде 1500 жылдан астам уақыт бұрын жазылған Құран қолжазбасы сақталған.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы Құрметті ғұламалар кеңесінің төрағасы Шейх Абдулазиз Мансур қолжазбаны қалай және кімнің жазғанын айтып берді.

"Хазіреті Халифа Османның кезінде Құранды жатқа білетін қарилар азайып бара жатқан соң Құранды кейінгі ұрпаққа, кейінгі үмметке кім жеткізеді деген қорқыныш болды. Осыған байланысты олар кітап жасауға ​​шешім қабылдайды. Ең үздік каллиграфтар Мұсхафты көшірген", — деп түсіндірді ол.

Қасиетті кітаптың тарихы әлі де жұмбақтарға толы көрінеді. Мәртебелі Шейх қолжазбаның 14 ғасыр өтсе де сақталып қалғанының сырын ашты.

"Ол заманда қағаз бен фабрика болмағандықтан қолжазбаны бұғы терісімен жасаған. Басқа жануарлардың терісі уақыт өте ескіріп, тозып қалады. Ал бұғы терісі жақсы сақталады. Бұл — түпнұсқа Құран. 1500 жыл бұрын жазылған Құран сияның сапалы болуымен де жақсы сақталған", — дейді Шейх.

Сондай-ақ Шейх қолжазбаның Өзбекстанға қалай келгені туралы бірнеше аңыз бар екенін айтты. Бір аңыз бойынша қолжазбаны Әмір Темір әкелген. Басқа нұсқа бойынша қолжазбаны Мухаддис Каффол Шоши жеткізген.

Қазір Құран Ташкенттегі "Муйи Мубарак" медресесінде сақтаулы, оны кез келген адам көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2019000-1500-zyl-buryn-zazylgan-qurannyn-en-kone-tupnusqasy-qai-qalada-saqtauly-tur/

pixel