Түркияда дәмханалардың бірінде атыс болып, бес адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Түркияның Измир қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде атыс болып, бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттік жергілікті басылымға сілтеме жасап хабарлауынша, қақтығыс Измирдің Мендерес ауданындағы кофеханада болған.
Екі топтың арасында қарызға байланысты келіспеушіліктер туындаған екен. Олар дәмханада сөйлесу үшін кездескен. Алайда кенет әңгіме қарулы қақтығысқа ұласқан.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған.
Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Британ энциклопедия сайтындағы мәліметке сүйенсек, Измир – жер көлемі бойынша Түркиядағы үшінші ірі қала және мемлекеттің ірі порттарының бірі. Ел астанасы Анкара мен Измирдің арасындағы қашықтық 520 км.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2020207-turkiyada-damxanalardyn-birinde-atys-bolyp-bes-adam-koz-zumdy/