Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындау туралы келісімге келді

Опубликовано:

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ЕАЭО саммитінде Ереван мен Баку аумақтық тұтастықты өзара мойындау туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан мен Армения бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ саммитінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

"Осы негізде біз қарым-қатынасымызды реттеуде жақсы ілгерілеушілікке қол жеткізіп жатырмыз", – деді ол.

Саясаткер сондай-ақ халықаралық механизм аясында Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесінің маңыздылығын да атап өтті. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз кезегінде армян жағына аумақтық талаптары жоқ екенін айтты.

"Әсіресе Арменияның Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде ресми түрде мойындағанын ескерсек, Баку мен Ереван арасында бітімгершілік келісімге келу мүмкіндігі бар", – деп келтірді басылым Әлиевтің сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2022119-armeniya-men-azerbaizan-bir-birinin-aumaqtyq-tutastygyn-moiyndau-turaly-kelisimge-keldi/

pixel