Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуаныш, наразылық, Ердоғанның әні": Түркияда президент сайлауының нәтижесін тұрғындар қалай қабылдады (видео)

Жарияланған күні:

Түркиядағы президент сайлауынан кейінгі көрініс
Түркиядағы президент сайлауынан кейінгі көрініс. Фото: Photo by CAN EROK/AFP via Getty Images

28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, нәтижесінде 52,14 пайыз дауыс жинаған қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Сайлау нәтижесін ел тұрғындары әр түрлі қабылдаған. Мұны KAZ.NUR.KZ материалынан толығырақ оқи аласыз.

Айта кетелік, бұған дейін Түркиядағы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер елдегі президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоғанның жеңіске жеткенін мәлімдеген болатын.

SHOT Telegram-арнасының хабарлауынша, сайлаудың нәтижесі жарияланғаннан кейін Ердоғанның мыңдаған жақтасы Анкарадағы резиденциясының алдына жиналып, оның үндеуін күткен.

Ал екінші кандидат Кемал Кылычдароглу бұл сайлауды ел тарихындағы ең әділетсіз кезеңдердің бірі деп атап, оппозициялық жолын жалғастыратынын айтқан.

Соған қарамастан Ердоғанның жеңісіне Стамбұл тұрғындары ғана емес, ел халқының көбі қуанған. ТАСС Telegram-арнасының хабарлауынша, Ердоғанның құрметіне арналған шеруге қатысқан ондаған адам Анталияның орталық көшелерінің бірі – Йенер Улусой бульварындағы көлік қозғалысын тоқтатып тастаған.

Сондай-ақ агенттіктің хабарлауынша, Ердоғанның жүздеген жақтасы кешкі уақытта Стамбұлдың Таксим орталық алаңына жиналып, оны қолдайтынын айтып, ұрандатқан.

Ускюдар ауданында да түрік туын көтерген жүздеген адам көшеге шығып, түрік басшысын қолдайтынын ұрандатып, би билеп, ән шырқаған.

Сонымен қатар олар қаланың азиялық бөлігінде автошеру ұйымдастырып, көлік терезелерінен түрік туларын желбіреткен. Бүкіл аумақта автокөліктердің дабылы естілген. Бұдан бөлек, өтіп бара жатқан жүргізушілер тоқтап, көліктен түсіп, көшедегі өзге адамдармен Ердоғанның жеңісін тойлай жөнелген.

РИА Новости Telegram-арнасының хабарлауынша, президент сайлауында жеңіске жеткен Ердоған болса, Анкарадағы жақтастарының алдындағы сөйлеген сөзін әнмен бастаған.

Сонымен бірге SHOT Telegram-арнасының хабарлауынша, сайлау нәтижесіне байланысты елдің оңтүстік-шығысындағы Хаккяри провинциясында наразылық акциялары өткен. Полиция тәртіпсіздікке қатысушыларды су атып тоқтатқан. Telegram-арна Ердоғанның Хаккяриде 28 пайыз ғана дауыс жинағанын атап өтті.

Пост авторының жазуынша, бұл өңірдегі тұрғындардың көпшілігі - күрдтер және бұл аймақ - елдегі ең сепаратистік аймақтардың бірі болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2022373-quanys-narazylyq-erdogannyn-ani-turkiyada-prezident-sailauynyn-natizesin-turgyndar-qalai-qabyldady-video/