Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевте бірнеше жарылыс болды: Украинаның бірқатар облысында әуе дабылы жарияланды (фото)

Опубликовано:

Киевтегі жарылыс
Киевтегі жарылыс. Фото: Т.me/uniannet

Украина астанасында бүгін, 29 мамырда жарылыс болды. Елдің бірнеше өңірінде әуе дабылы жарияланды. Тұрғындарға баспаналарынан шықпауға кеңес берілді.

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Киевте және Киев облысында сағат 11:00-ден кейін әуе дабылы туралы ескерту жарияланған. Кейінірек қалада жарылыс болды.

alerts.in.ua әуе ескерту картасына сәйкес, Киев пен Харьков, Запорожье, Днепропетровск, Чернигов, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары үшін ауадан қауіп бар.

Киев қалалық әскери әкімшілігі қалада әуе қорғанысы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қала тұрғындарына да баспаналарда болуға кеңес берілді. Сонымен қатар Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, Киевтің Облонский ауданында зымырандардың сынықтары тас жолға құлаған, барлық қызмет сол жерге жіберілген.

"Киевке шабуыл жалғасуда. Баспаналардан шықпаңдар! Қалада жарылыстар болуда! Орталық облыстарда. Баспаналарда болыңдар!" – деп келтіреді басылым Кличконың сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2022476-kievte-birnese-zarylys-boldy-ukrainanyn-birqatar-oblysynda-aue-dabyly-zariyalandy-foto/

pixel