Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония премьер-министрі ұлын лауазымды қызметінен босатты

Опубликовано:

Фумио Кисида
Фумио Кисида. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида ұлы Сетаро Кисиданы хатшы қызметінен босатты. Өйткені Сетаро Кисиданың резиденциядағы символикалық орындарда түскен суреті БАҚ-та тарап кетіп, қоғамда резонанс тудырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Japan Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, өткен аптада БАҚ-та Сетаро Кисида мен оның туыстарының резиденциядағы символикалық орындарда түскен суреттері пайда болған. Мысалы, ол үкімет мүшелері үнемі ресми түрде суретке түсетін басты баспалдақта фотоға түскен.

Жарияланған суреттер қоғамда резонанс тудырған. Басында үкімет премьер-министрдің ұлына бұл әрекеті үшін сөгіс жариялағаны туралы хабарлаған. Алайда кейін Кисида ұлының әрекеті саяси қызметшіге лайық емес екенін мәлімдеп, оны қызметінен босатқан.

"Халықтың үніне мұқият құлақ асып, кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерді шешуге ұмтыла отырып, өз міндеттерімді атқаратын боламын", - деді ол.

БАҚ-тың хабарлауынша, 2022 жылдың қараша айында сайлауалды штабының жұмысы мен қызметіне ақы төлеу кезінде чектерді дұрыс толтырмағаны үшін премьер-министрдің өзі де қызметінен айырыла жаздаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2022584-zaponiya-premer-ministri-ulyn-lauazymdy-qyzmetinen-qyzmetinen-bosatty/

pixel