"АҚШ-тың бірінші ханымы келген": Иорданияның тақ мұрагері үйлену тойын дүркіретіп өткізді
Жарияланған күні:
Иорданияның тақ мұрагері Хусейн бин Абдалла мен Сауд Арабиясының сәулетшісі Раджва әл-Саиф Амман қаласындағы Захран сарайында неке қию рәсімін өткізді. Дүбірлі тойдан суреттер мен видеолар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ға сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, қалыңдық тойға ливандық дизайнер Эли Сааба тіккен гүлді кестемен безендірілген, етегі ұзын ақ көйлек киген. Қалыңдықтың ажарын гауһар таспен көмкерілген диадема мен жерге дейін төгіліп тұрған ұзын фата аша түскен. Күйеу жігіт болса салтанатты шараға әскери мундирмен келген.
Хусейн мен Раджва "катб ктаб" деп аталатын ислам дәстүрі бойынша неке қию рәсімін өткізген.
Неке қию павильонына қалыңдықты күйеу жігіттің кіші інісі Иордания ханзадасы Хашем ертіп келген.
Неке қию рәсімінен кейін жас жұбайлар 1984 жылы патшайым II Елизавета патшайымның сапары үшін жабдықталған Range Rover көлігіне мініп, әл-Хусейния сарайына бет алған.
Басылым Хусейн мен Раджваның үйлену тойына орай ретро көлік жөнделіп, жаңартылғанын атап өтті.
Әл-Хусейния сарайындағы салтанатты шараға 1700 қонақ шақырылған, оның ішінде Уэльс ханзадасы мен ханшайымы Уильям мен Кэтрин, Йорк ханшайымы Беатрис пен оның күйеуі Эдоардо Мапелли Моцци және АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иордания королі II Абдалла мен патшайым Ранияның үлкен қызы, 26 жастағы Иман ханшайым венесуэлалық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан туралы жазған едік. Қалыңдыққа той көйлегін әйгілі Dior сән үйі тіккен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023075-qalyndyqtyn-diademasy-gauhar-taspen-komkerilgen-iordaniya-xanzadasy-uilenu-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.