Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АҚШ-тың бірінші ханымы келген": Иорданияның тақ мұрагері үйлену тойын дүркіретіп өткізді

Опубликовано:

Хусейн бин Абдалла және оның жары Раджва әл-Саиф
Хусейн бин Абдалла және оның жары Раджва әл-Саиф. Фото: instagram.com/queenrania

Иорданияның тақ мұрагері Хусейн бин Абдалла мен Сауд Арабиясының сәулетшісі Раджва әл-Саиф Амман қаласындағы Захран сарайында неке қию рәсімін өткізді. Дүбірлі тойдан суреттер мен видеолар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, қалыңдық тойға ливандық дизайнер Эли Сааба тіккен гүлді кестемен безендірілген, етегі ұзын ақ көйлек киген. Қалыңдықтың ажарын гауһар таспен көмкерілген диадема мен жерге дейін төгіліп тұрған ұзын фата аша түскен. Күйеу жігіт болса салтанатты шараға әскери мундирмен келген.

Хусейн бин Абдалла мен Раджва әл-Саиф
Хусейн бин Абдалла мен Раджва әл-Саиф. Фото: instagram.com/queenrania

Хусейн мен Раджва "катб ктаб" деп аталатын ислам дәстүрі бойынша неке қию рәсімін өткізген.

Неке қию павильонына қалыңдықты күйеу жігіттің кіші інісі Иордания ханзадасы Хашем ертіп келген.

Хусейн бин Абдалла мен Раджва әл-Саиф неке қию рәсімінде
Хусейн бин Абдалла мен Раджва әл-Саиф неке қию рәсімінде. Фото: instagram.com/queenrania

Неке қию рәсімінен кейін жас жұбайлар 1984 жылы патшайым II Елизавета патшайымның сапары үшін жабдықталған Range Rover көлігіне мініп, әл-Хусейния сарайына бет алған.

Басылым Хусейн мен Раджваның үйлену тойына орай ретро көлік жөнделіп, жаңартылғанын атап өтті.

Хусейн мен Раджва әл-Хусейния сарайына бет алуда
Хусейн мен Раджва әл-Хусейния сарайына бет алуда. Фото: instagram.com/queenrania

Әл-Хусейния сарайындағы салтанатты шараға 1700 қонақ шақырылған, оның ішінде Уэльс ханзадасы мен ханшайымы Уильям мен Кэтрин, Йорк ханшайымы Беатрис пен оның күйеуі Эдоардо Мапелли Моцци және АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден болған.

Хусейн әкесі, Иордания королі II Абдалламен
Хусейн әкесі, Иордания королі II Абдалламен. Фото: instagram.com/queenrania

Хусейн анасы Рания патшайыммен
Хусейн анасы Рания патшайыммен. Фото: Instagram / @queenrania

Еске сала кетейік, бұған дейін Иордания королі II Абдалла мен патшайым Ранияның үлкен қызы, 26 жастағы Иман ханшайым венесуэлалық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан туралы жазған едік. Қалыңдыққа той көйлегін әйгілі Dior сән үйі тіккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023075-qalyndyqtyn-diademasy-gauhar-taspen-komkerilgen-iordaniya-xanzadasy-uilenu-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/

pixel