Елу жыл бұрын оқуын тастап кеткен әйел 70 жасында университетті үздік бітіріп шықты
Жарияланған күні:
Даммам қаласындағы университеттердің бірінде 70 жастағы әжей диплом алды. Бұл туралы islamnews.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сальва әл-Омани Даммам қаласындағы университеттердің бірін өнертану мамандығы бойынша үздік аяқтады. Оған ханшайым Абир бинт Фейсал бин Туркидің өзі диплом табыстаған.
"Мен өзімнің арманым орындалған сәттегі сезімдерімді жеткізе алмаймын. Ханшайым маған диплом берген кезде қуанышымда шек болған жоқ. Елу жыл бойы үзіліс алған мамандықтың иесі атану мен үшін баға жетпес бақыт", - деді әл-Омани.
Әл-Омани 1971 жылы мектеп бітірген. Кейін ол отбасымен Иракқа көшіп, сол жақта химия факультетіне оқуға түседі. Алайда күйеуге шығуына байланысты оқуын аяқтай алмаған.
Бүгінде Сальва бес баланың анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023839-elu-zyl-buryn-oquyn-tastap-ketken-aiel-70-zasynda-universitetti-uzdik-bitirip-syqty/