Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон көпшілік алдында бір бөтелке сыраны бірнеше секундта ішіп қойды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Ludovic Marin/AFP/Getty Images

БАҚ-та Франция президенті Эммануэль Макрон регби чемпионатында Францияның "Тулуза" командасының жеңісі үшін бір бөтелке сыраны бірнеше секундта ішіп қойғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды РБК жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Матчтан кейін Франция президенті "Тулуза" командасының киім ауыстыратын бөлмесіне келіп, ойыншыларға тілек айтып, бір бөтелке сыраны бірер секундта ішіп қойған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, матч алдында Макрон алаңға шығып, екі команданың да ойыншыларымен кездескен. Бірақ оның шыққаны үлкен экраннан көрсетілмеген, ал стадионда ол кезде қатты музыка ойнаған.

"Тулуза" командасы 17 маусым күні "Стад Рошлені" 29:26 есебімен жеңіп, 22-ші рет ел чемпионы атағын жеңіп алғаны туралы хабарланған.

Еске сала кетейік, сәуір айында Францияда зейнетақы реформасына қарсы адамдардың арасынан бәзбіреу президент Эммануэль Макронның Эльзасқа сапары кезінде оған тауық жұмыртқасын лақтырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2025371-makron-kopsilik-aldynda-bir-botelke-syrany-birnese-sekundta-isip-qoidy-video/