Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс сапарымен жүрген Франция президентіне бәзбіреу жұмыртқа лақтырған (видео)

Опубликовано:

Франция президенті Эмануэль Макрон
Эмануэль Макрон халыққа қол бұлғап тұр. Скриншот: Facebook / @fmnews

Франциядағы зейнетақыға қатысты реформаға қарсы болған адамдар президент Эммануэль Макронның Эльзас қаласына жасаған сапары кезінде оған тауық жұмыртқасын лақтырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Eastern Herald сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, өңірде мемлекет басшысын ысқырып, балағаттап қарсы алған. Ал көпшіліктің арасынан біреу Макронға тіпті тауық жұмыртқасын лақтырып, ол президенттің маңдайына тиген. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы пайда болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президенттің маңдайына жұмыртқаны кім лақтырған әзірге анықталмаған.

Басылымның хабарлауынша, президент екі күндік жұмыс сапарымен Францияның шығысында орналасқан Эльзас қаласына келген. Ол қалада бірнеше кездесу өткізген, бірақ оны барлық жерде де зейнетақы реформасына наразы халық жақтыртпай қарсы алды. Шерушілер президентті балағаттап, "қазан маршын" ұйымдастырды. Наразылық білдірген француздар мемлекет басшысы жақындаған бойда кәстрөлдер мен табаларды қасықтарымен соға бастады.

Макрон шиеленіскен жағдайды әзілге айналдыруға тырысқан.

"Кәстрөлдер Францияны прогреске жетелемейді", - деді ол шерушілерге. Бұл сөзімен Макрон Франция үкіметі "Франция азаматтарына жақсырақ өмір сүруге мүмкіндік беретінін" айтқысы келген деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2017535-zumys-saparymen-zurgen-franciya-prezidentine-bazbireu-zumyrtqa-laqtyrgan-video/

pixel