jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мәскеуде және Ресейдің екі облысында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Рация
Рация. Көрнекі фото: pixabay.com

Терроризмге қарсы операция режимі Мәскеуде, Мәскеу және Воронеж облыстарында енгізілді, Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің ВКонтакте желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәскеу қаласы, Мәскеу және Воронеж облыстарының аумағында болуы мүмкін террористік әрекеттердің алдын алу мақсатында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин оқиғаға қатысты Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Оның айтуынша, террористікке қарсы операция режимінің енгізілуіне байланысты қалада өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

"Қаланың барлық қызметі толық көлемде жұмыс істеуде, қала бойынша қозғалыс қиындаған жоқ. Мәскеуліктер мен қала қонақтарына түсіністікпен қарап, болып жатқан жайтқа сабырлық танытқаны үшін рахмет айтамын", - деп жазды қала мэрі.

Мәскеуде және Ресейдің екі облысында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.