"Біз сатқындықпен бетпе-бет келдік": Путин Ресей халқына үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомВладимир Путин мемлекеттік телеарналарда ресейліктерге үндеу жасады. Үндеудің видеосы "Кремль.Новости" Telegram-дағы арнасында жарияланды.
Владимир Путин ресейліктерге, әскерилер мен құқық қорғау органдарына, алдау мен қоқан-лоқымен қарулы көтеріліс жасауға итермелегендерге арнап үндеу тастады.
"Вагнер" ЖӘК әрекетін "арқадан пышақ" сұғу деп атап, жағдайды 1917 жылғы қазандағы оқиғамен салыстырды.
Ол әскери бүлікті ұйымдастырған Ресейге опасыздық жасағандар әрекеті үшін жауап беретінін айтты.
"Біз сатқындықпен бетпе-бет келдік. Шектен шыққан амбициялар Ресейге сатқындық жасауға әкелді", - деді Путин.
Еске салайық, бұған дейін "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин қорғаныс министрі Сергей Шойгудың рұқсатымен олардың лагерлеріне зымырандық соққылар жасалғанын айтқан. Ол осыған байланысты "әділдік маршын" бастайтынын мәлімдеген болатын.
Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Евгений Пригожиннің атынан хабарламалар мен видеолар әлеуметтік желілерде "Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған" деген ақпарат таратқан. Бұл шындыққа сәйкес келмейді және ақпараттық арандатушылық болып саналады.
"Ресей Федерациясының қарулы күштері арнайы әскери операция аймағында Украина қарулы күштерімен жауынгерлік тапсырмаларды орындауды жалғастыруда", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Терроризмге қарсы ұлттық комитеттің мәліметінше, Пригожиннің мәлімдемелері шын мәнінде Ресей Федерациясы аумағында қарулы азаматтық қақтығысты бастауға шақыру болып табылады.
"Жағдайдың күрделенуіне және еліміздегі қақтығыстың өршу қаупіне байланысты Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліске шақыруы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабардар етті ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026209-putin-reseilikterge-undeu-zasady-video/