Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Воронеждегі мұнай базасында жанармай резервуары өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Воронеждегі жанармай резервуары өртенуде
Воронеждегі жанармай резервуары өртенуде. Видеодан кадр: t.me/shot_shot

Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев Воронеждегі мұнай базасында жанармай құйылған резервуардың бірі өртенгенін айтты. Бұл туралы ол Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Воронежде Димитрова көшесіндегі мұнай базасында жанып жатқан жанармай резервуары сөндіріліп жатыр. Оқиға орнында 100-ден астам өрт сөндіруші мен 30 техника жұмыс істеп жатыр. Алғашқы мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ", - деді губернатор.

Желіде куәгерлердің оқиғаны түсірген видеосы тарады.

Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар!

Айта кетейік, Ресейдің Воронеж обылысында жедел-әскери іс-шаралар жүргізіліп жатқанын жазған едік.

Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті терроризмге қарсы операция режимі Мәскеуде, Мәскеу және Воронеж облыстарында енгізілгенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026224-voronezdegi-munai-bazasynda-zanarmai-rezervuary-ortendi-video/