Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Воронеж облысында жедел-әскери іс-шаралар жүргізілуде

Жарияланған күні:

Әскери адам ұрыс алаңында
Әскери адам. Көрнекі фото: Diego Herrera / Europa Press / Getty Images

Ресейде Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев Telegram-дағы ресми арнасында аймақта жедел-жауынгерлік іс-шаралар өткізілетінін хабарлады.

"Воронеж облысы аумағындағы терроризмге қарсы операция аясында Ресей Федерациясының қарулы күштері қажетті жедел-жауынгерлік іс-шараларды жүргізуде", - деді ол.

Губернатор алдағы уақытта да жағдай туралы хабардар ететінін атап өтті.

"Жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мен воронеждіктер мен облыс қонақтарын сабырлық танытуға шақырамын", - деп жазды ол.

Еске салайық, "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин қорғаныс министрі Сергей Шойгудың рұқсатымен олардың лагерлеріне зымырандық соққылар жасалғанын айтқан. Ол осыған байланысты "әділдік маршын" бастайтынын мәлімдеген болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Евгений Пригожиннің атынан хабарламалар мен видеолар әлеуметтік желілерде "Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған" деген ақпарат таратқан. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, ақпараттық арандатушылық болып саналатынын атап өтті.

"Ресей Федерациясының қарулы күштері арнайы әскери операция аймағында Украина қарулы күштерімен жауынгерлік тапсырмаларды орындауды жалғастыруда", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Терроризмге қарсы ұлттық комитеттің мәліметінше, Пригожиннің мәлімдемелері шын мәнінде Ресей Федерациясы аумағында қарулы азаматтық қақтығысты бастауға шақыру болып табылады.

"Жағдайдың күрделенуіне және еліміздегі қақтығыстың өршу қаупіне байланысты Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліске шақыруы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабардар етті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026218-reseidin-voronez-oblysynda-zedel-askeri-is-saralar-zurgizilude/