Ресей "Вагнер" ЖӘК-тің көтерілісін басу үшін ҰҚШҰ көмегіне жүгінуі мүмкін бе
Жарияланған күні:
Читать на русскомМемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Алексей Чепа "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің көтерілісін басу үшін Ресейге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) көмегі қажет бола қоймайды деген пікірде. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Менің ойымша, бұл қажет бола қоймайды. Біз бұл көтерілістің аясы жарияланған әрекеттерден асып кетпейтіндей, оны бастапқы сатыда оқшаулау үшін шұғыл шаралар қабылдауымыз керек. Бүгінгі таңда ең бастысы - не істеу керектігін және қалай істеу керектігін бәрі түсінуі керек. Менің ойымша, бұл жерде ҰҚШҰ-ның әрекеті қажет емес, бізге енді ресурстар емес, дұрыс шешімдер керек", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше болып табылатын қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық ұйым.
Бұл ретте ұйымның жоғарғы органы мүше мемлекеттердің басшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі болып табылады. Ол Ұйым қызметінің іргелі мәселелерін қарастырады және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттердің үйлестіруін және бірлескен қызметін қамтамасыз етеді.
2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалды.
Еске салайық, бүгін түнде Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.
Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.
Сол арада Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026255-resei-vagner-zak-tin-koterilisin-basu-usin-uqsu-komegine-zuginui-mumkin-be/