jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Пригожин: Біз колонналарды кері қайтарып, қарама-қарсы бағытқа бет алдық

Пригожин
Евгений Пригожин. Кадр: t.me/Prigozhin_hat

Евгений Пригожин колонналар кері қайтарылып, Ресей қалаларынан далалық лагерьлерге бет алғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз 23 маусымда "әділеттілік шеруіне" бардық. Тәулік бойы Мәскеуге дейін 200 шақырым қалғанша жүрдік. Бүгін қан төгілуі мүмкін сәт туып отыр.

Тараптардың бірінен орыс қаны төгілетіні тұрғысынан барлық жауапкершілікті түсініп, колонналарымызды кері қайтарып, жоспар бойынша қарама-қарсы бағыттағы далалық лагерьлерге бет алдық", - деді Пригожин аудиохабарламада.

Еске салайық, бүгін түнде Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.

Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.

Сол арада Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті

Пригожин: Біз колонналарды кері қайтарып, қарама-қарсы бағытқа бет алдық

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.