Губернатор "Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростов-на-Донудан шыққанын растады
Жарияланған күні:
Ростов облысының губернаторы Василий Голубев "Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростов-на-Донудан шыққанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін бірқатар ресейлік БАҚ "Вагнер" ЖӘК жауынгерлерінің Ростов-на-Донудағы Оңтүстік әскери округінің штабы маңындағы аумақтан кете бастағанын хабарлаған еді.
Аймақ басшысы кейін олардың қаладан шығып кеткендерін айтты.
"Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростовтан шығып, өздерінің далалық лагерлеріне қарай бет алды", – деп жазды Голубев.
Ол сондай-ақ Дон астанасы мен бүкіл Ростов облысындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз еткендердің барлығына алғысын білдірді.
Сондай-ақ РИА Новости Telegram арнасы "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің де Ростов-на-Донудан кеткенін хабарлады. Тілшілер оның жол талғамайтын көлігімен қаладан шыққаны айтылған видео жариялады.
Сондай-ақ тілішлер Ростов-на-Донудан ЖӘК әскери техникасы колоннасының қалай кетіп бара жатқанын көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026277-gubernator-vagner-zak-kolonnasy-rostov-na-donudan-syqqanyn-rastady/