Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Украинаның НАТО-ға кіру ниетіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Іnstagram.com/rterdogan

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент Владимир Зеленскиймен бірге өткен брифингтен кейін Украинаның НАТО-ға мүше болуға лайық екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Украина, сөзсіз, НАТО-ның мүшесі болуға лайық. Алдарыңызда тұрып бір нәрсені қайталап айтқым келеді: әділ бейбітшілік орнатылса, ешкім ұтылмайды", - деді Түркия президенті Зеленскиймен бірге өткізген брифинг кезінде.

Сондай-ақ Ердоғанның сөзінше, Түркия Украинаның "аяққа тұруына" көмектеседі.

"Украина нарығында көшбасшы болып табылатын біздің құрылыс компаниялары украиналық достарымызға елді қалпына келтіруге көмектеседі", - деді Түркия президенті.

Ердоған мен Зеленскийдің кездесуі жұма күні, 7 шілдеде Ыстамбұлда өткен. Ел басшылары Украинадағы жағдайды, сондай-ақ 17 шілдеде мерзімі аяқталатын астық туралы келісімшартты ұзарту мәселесін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2027876-erdogan-ukrainanyn-nato-ga-kiru-nietine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel