Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш сағатқа созылды": Путин Ресейде қарулы көтеріліс жасамақ болған Евгений Пригожинмен кездесті

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Евгений Пригожинмен, сондай-ақ "Вагнер" ЖӘК командирлерімен кездесті. Бұл KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Путин "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен және "Вагнер" командирлерімен кездескенін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Оның сөзінше, кездесу 29 маусымда яғни Ресейдегі қарулы көтеріліс жасау әрекетінен кейін бес күн өткен соң болған.

"Шынында, президент осындай кездесу өткізді. Кездесуге 35 адам – барлық отряд командирі мен компания басшылығы шақырылды. Оның ішінде Пригожиннің өзі де бар. Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде болды. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды", - дейді ол.

Песковтың айтуынша, кездесудегі әңгіменің мән-жайы белгісіз.

"Біздің бір айта алатынымыз, президент компанияның арнайы әскери операция кезіндегі майдандағы әрекеттеріне, сондай-ақ 24 маусымдағы оқиғаға қатысты өз бағасын берді. Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мен әрі қарайғы еңбек қолданысы жөнінде нұсқаларын ұсынды", - дейді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2028071-us-sagatqa-sozyldy-putin-reseide-koterilis-zasamaq-bolgan-evgenii-prigozinmen-kezdesti/

pixel