Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Исландияда Фаградальсфьядль жанартауы атқылады (видео)

Опубликовано:

Фаградальсфьядль жанартауы
Фаградальсфьядль жанартауы. Видеодан кадр: twitter.com/theinformantofc

Исландиядағы Рейкьянес түбегінде Фаградальсфьядль жанартауы атқылады. Ол Исландияның астанасы Рейкьявиктен 30 километр жерде орналасқан, деп хабарлады шетелдік басыдымдарға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, метеорологтар жанартаудың атқылауы 10 шілдеде басталғанын мәлімдеген. Түбектің әр жерінде алғашында топырақ көтеріліп, атқылаудан бір апта бұрын бұл аймақта мыңға дейін жер сілкінісі тіркеліп, кейбірінің магнитудасы 5,0-ден асқаны хабарланған.

Euronews хабарлауынша, Литли Хрутур тауы маңындағы адам тұрмайтын аймақтағы бұл жерге кіруге тыйым салынған.

Полицейлер ел тұрғындарын газ бен лава шығатын жарықшақтан аулақ болуға шақырады.

Президент Гудни Йоханнессон тұрғындарға мәлімдеме жасап, инфрақұрылымға әзірге қауіп жоқ екенін айтты. Ол қауіпті аймақтарды азаматтық қорғау органдары жауып тастағанын мәлімдеді.

Бұл атқылаған жанартау соңғы үш жылдағы үшінші жанартау, бірақ ең үлкен атқылау болғаны атап өтілді.

Ресей Ғылым академиясы Кен орындары геологиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері Иван Махоткин Gazeta.ru тілшілеріне берген сұхбатында атқылаудың күші Фаградальфьяль маңында көлдердің бар-жоғына байланысты болатындығын айтты.

Маман 2010 жылы Эйяфьялляйокуль жанартауының сағасына судың түсуіне байланысты жанартау күлі шығып, Солтүстік Еуропадағы әуе қозғалысына кедергі келтіргенін еске салды. Ғылыми қызметкер оқиғаның дамуын бақылау қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2028293-islandiyada-fagradalsfyadl-zanartauy-atqylady-video/

pixel