Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ президенті Байден баспалдақпен ұшаққа көтеріліп бара жатып, тағы да сүрінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Джо Байден
Джо Байден. Фото: Joe Raedle / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден ұшаққа отыру кезінде тағы сүрінді. Президент бұл жолы қысқарақ баспалдақпен көтерілcе де, сүрініп кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, оқиға Хельсинки әуежайында Air Force One ұшағына отырғызу кезінде болған.

Интернетте жарияланған виделарда көрсетілгендей, Байден қысқа баспалдақпен бірнеше қадам жүргеннен кейін сүрінген. Алайда АҚШ президенті құламай, ұшаққа жетіп үлгерген.

"Сүрініп кеткен ол ұшаққа барғанша, сүрініп кететінін білгендей баяу жүріп бара жатқан еді", - деп жазды басылымда.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті ұшақтың басқышынан үш мәрте сүрінгенін жазған едік.

Сондай-ақ Джо Байден Польшаға барған сапарсында Варшава әуежайында ұшаққа көтеріліп бара жатып тағы да сүрініп кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2028655-aqs-prezidenti-baiden-qysqa-baspaldaqpen-usaqqa-koterilip-bara-zatyp-tagy-da-surindi/