Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық блогер 20 жасында қайтыс болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Асадбек Арзиқұлов
Асадбек Арзиқұлов. Фото: instagram.com/asad__algo

Өзбекстанда бір миллион оқырманы бар блогер Asad Algo отадан кейін қайтыс болды. Өзбекстанның бас прокуратурасы жас жігіттің өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы.

Басылымның блогердің жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлауынша, желіде Asad Algo деген атпен танымал Асадбек Арзиқұлов 2 күн бұрын, 19 шілдеде миына ота жасалғаннан кейін қайтыс болған.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов жігіттің өліміне қатысты факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Басылымның жазуынша, тәртіп сақшылары 19 шілдеде Асадбек Арзиқұловтың бас миының жабық жарақаты, миының шайқалуы, басының субдуральды гематомасымен, мойнында, екі тізесінде гематомалар және екі шынтағындағы көгерген жарақаттармен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жеткізілгенін айтты.

Бұл туралы медицина қызметкерлері ішкі істер органдарына хабарлаған.

"Тергеу барысында 16 шілдеде саябақтардың бірінде Асадбек Арзиқұлов пен оның досы арасында жанжал болып, нәтижесінде Арзиқұлов жарақат алғаны белгілі болды.

Осыдан кейін олар татуласып, екі жаққа кеткен. Жәбірленуші оқиға туралы полиция бөліміне хабарламаған және медициналық мекеменің көмегіне жүгінбеген", - делінген хабарламада.

Басылым ақпаратынша, 19 шілдеде Асадбек Арзиқұловтың жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен жас жігітті аман алып қалу мүмкін болмағанын айтқан.

Полиция департаменті қылмыстық іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабы 3-бөлігі "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қозғалғанын атап өтті.

Nuz.uz басылымының мәліметінше, миллион жазылушысы бар Asad Algo әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы бейнероликтерімен танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029527-ozbekstandyq-bloger-20-zasynda-qaitys-boldy/