Қытайда мектептің төбесі опырылып, тоғыз адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚытайда Цицикар қаласындағы мектептердің бірінде спорт залының төбесі опырылып түсті. Оқиға салдарынан тоғыз адам қаза тапты, тағы екеуі үйінді астында қалды. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.
Провинциялық өрт сөндіру және құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға жексенбі, 23 шілде күні түстен кейін Лонгша ауданындағы орта мектепте болған.
Іздеу-құтқару операциясы жөніндегі штабының ақпаратынша, оқыс оқиға кезінде спорт залында 19 адам болған. Штаб мәліметінше, төрт адам өзі шыға алған, тағы 15 азамат үйінді астында қалған.
Шілденің 24-іне қараған түні үйінді астынан 13 адам шығарылған, бірақ оның үшеуінде тіршілік белгісі жоқ екені, ал медицина қызметкерлерінің әрекетіне қарамастан тағы алтауының қайтыс болғаны белгілі болды.
Ведомство ақпаратынша, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Агенттік жазуынша, тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі бұзылуы салдарынан спорт ғимаратының төбесі зақымданған. Кейін жаңбыр оның опырылып түсуіне әкеп соқтырған.
Сондай-ақ оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқаны, оқу ғимаратының құрылысына жауапты тұлғалар бақылауға алынғаны атап өтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029768-qytaida-mekteptin-tobesi-opyrylyp-togyz-adam-qaza-tapty-video/