Ресейде тұрғын үйге найзағай түсіп, үш теледидар өртеніп кетті
Жарияланған күні:
Ресейдің Барнаул аймағында үй ішіне найзағай түсіп, үш телевизор күйіп кетті. Бұл туралы amic.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.
Оқыс оқиға 23 шілде күні коттедж қалашығында болған. Үй иесінің айтуынша, олар таңғы сағат 06:40-та қатты дауыстан оянып кетеді. Найзағай түскенін алғаш болып сол үйдің 14 жасар қызы байқапты.
"Бөлменің қабырғалары жарылып, жан-жаққа ұшып кеткен", - дейді үй иесі.
Найзағай теледидар антеннасы орналасқан вентиляциялық шахтаны жарып өткен. Кейін тоқ разряды кабельдер арқылы өтіп, қабырғаны жарған. Найзағай салдарынан үйдегі үш теледидар да істен шығып, күйіп кетті.
Тұрғындар кейін найзағай салдарынан үйлердің шатырыныда от түскенін байқап, өздері сөндіруге асыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029894-reseide-turgyn-uige-naizagai-tusip-us-teledidar-ortenip-ketti/