Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Ресейде жынысын ауыстыруға тыйым салатын заңға қол қойды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин медициналық көрсеткішсіз жынысын ауыстыруға тыйым салатын заңға қол қойды. Тиісті құжат Ресей Федерациясының құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Жаңа заңға сәйкес, енді Ресейде жынысты ауыстыруға бағытталған кез келген медициналық әрекетке (дәрі-дәрмектер қолдануға да) тыйым салынады.

Алайда құжатта бұған дәрігерлік комиссия белгілейтін туа біткен ауытқуларды (даму ақаулары), балалардың жыныс мүшелерінің қалыптасуына байланысты генетикалық және эндокриндік ауруларды емдеу процедуралары жатпайтыны атап өтілген.

Сонымен қатар заңға сәйкес ерлі-зайыптының бірі жынысын өзгерткен жағдайда неке бұзылады.

Сондай-ақ заңда жынысын ауыстырған адамның бала асырап ала алмайтындығы да қарастырылған.

Заң нормалары құжат күшіне енгенге дейін жынысын өзгерткендерге қолданылмайтыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029950-putin-zynysyn-auystyruga-tyiym-salatyn-zanga-qol-qoidy/

pixel