Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияда өртті сөндіру кезінде ұшақ құлады (видео)

Опубликовано:

Құлаған ұшақ
Құлаған ұшақ. Кадрдан үзінді: twitter.com/News247gr

Canadair өрт сөндіру ұшағы Грекияның Эвбой аралында өртті сөндіру кезінде апатқа ұшырады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді.

Оқиға Платанистос және Каристос елдімекенінің маңында болды, деп хабарлайды РИА Новости Грекияның EPT телеарнасына сілтеме жасап.

"Ақпаратқа сәйкес, Canadair Каристостағы Платанистос айналасында құлады. Қазір не болғанын көру үшін тікұшақ құлаған жерді әуеден қарап, ұшып жүр", - деп хабарлады тілшілер.

Телеарнада апат болған сәтттен кадрлар көрсетілді.

Жергілікті Ethnos басылымы да апат орнына жедел қызмет жіберілгенін, бірақ өрт сөндіру ұшағы тікұшақ жете алмайтын, ыңғайсыз жерге құлағанын айтты. Сондықтан өрт сөндірушілер мен полицияның оқиға орнына жетуі қиындай түскен.

Сондай-ақ ұшақты екі ұшқыш басқарғаны, олардың бірі 26 жаста екені хабарланды. Экипажбен байланысқа шығу әрекеттері жүргізілуде.

Одан бөлек, телеарна жарылыс дыбысы естілгені атап өтілді.

Бұған дейін Грекияның Родос аралындағы мыңдаған жергілікті тұрғын мен турист үйлері мен қонақ үйлерінен эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Өрт сөндірушілер елде өршіген ондаған орман өртімен күресуде. Әсіресе Афинаның батысындағы аймақ, Пелопоннестің оңтүстігіндегі Лакония және Родос аралы зардап шеккен.

Ел билігі жаңа өрттердің шығу қаупі өте жоғары екенін ескертті, өйткені аптап ыстық әлі басылмауы ықтимал.

Өртті сөндіруге әуе күшін – тікұшақтар мен ұшақтарды жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2030051-grekiyada-ortti-sondiru-kezinde-usaq-qulady-video/

pixel