Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Қазақстан шекарасына жақын жерде жекеменшік тікұшақ құлады, қаза тапқандар бар (видео)

Опубликовано:

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер. Фото: t.me/mchs_04

Ресейдегі Алтай Республикасында жекеменшік Ми-8 тікұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, өртенген. Тікұшақ бортында шамамен 13 адам болған. Тікұшақта болғандардың шамамен жартысы көз жұмды. Бұл туралы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, әуе апаты Өскемен ауданындағы Тыңғыр ауылында болған.

"Қонуға сәл қалғанда ұшақ апатқа ұшырап, өртенді", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Тікұшақ электр сымдарына тиіп кетті деген болжам бар. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлі анықталуда. Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 13 адам болған, оның алтауы қаза тапқан.

Сонымен қатар РИА Новости Федералды әуе көлігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, ұшақта 15 адам: 12 жолаушы және үш экипаж мүшесі болған. Олардың арасында Беларусь елінің бір азаматы болған, қазір Беларусь дипломаттары оның жағдайын нақтылап жатыр.

Экскурсиялық топты "Алтай Авиа" компаниясының тікұшағы тасымалдағаны атап өтілді.

Қазір Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірілген.

Бұл ретте Ресейдің тергеу комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында тікұшақ апаты фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы "Жол қозғалысы және әуе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта Шығыс көліктегі аймақаралық тергеу басқармасының сот-медициналық сарапшылары оқиға орнына келіп, мән-жайды анықтауда", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Google Maps сервисінің мәліметі бойынша, Тыңғыр ауылы Қазақстан шекарасынан 50 шақырымнан аз жерде орналасқан.

Тыңғыр ауылы
Тыңғыр ауылы. Скриншот: Google Maps

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2030339-reseide-qazaqstan-sekarasyna-zaqyn-zerde-zekemensik-tikusaq-qulady-qaza-tapqandar-bar-video/

pixel