Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канада премьер-министрі 18 жыл отасқан әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Джастин Трюдо мен Грегорий Софи
Джастин Трюдо мен Грегорий Софи. Фото: George Pimentel/Getty Images

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо 18 жыл бірге тұрған әйелі Софимен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Софи екеуміз қиын да маңызды әңгімемізден кейін, ажырасамыз деп шешім қабылдағанымызды хабарлағым келеді", - деп жазды Трюдо Twitter-дегі парақшасында.

51 жастағы Канаданың премьер-министрдің сөзінше, алдағы уақытта да олар бір-бірін құрметтейтін жақын адамдар болып қала бермек.

Премьер-министрдің кеңсесі ерлі-зайыптылардың ресми түрде ажырасу туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

"Олар өздерінің шешіміне байланысты барлық қажетті құқықтық және этикалық шараның қабылдануын қамтамасыз етті", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар премьер-министрдің баспасөз қызметі бұрынғы ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған үш баласын бірге тәрбиелеуді жалғастыратынын және алдағы уақытта да "канадалықтар оларды жиі бірге көретінін" жеткізді.

"Келесі аптадан бастап отбасы мүшелері бірге ортақ демалысқа шығады", - деп хабарлады Трюдо кеңсесі.

Агенттік мәліметінше, Джастин Трюдо 2005 жылы журналист Софи Грегориге үйленген еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін Софи БАҚ-тағы жұмысынан шығып, қайырымдылық, гендерлік теңдік, әйелдер құқығы және климаттың өзгеруі сынды мәселелермен айналысады. Ерлі-зайыптылар 15 жас, 14 жас және тоғыз жастағы балаларды бірге тәрбиелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2031089-kanadanyn-premer-ministri-18-zyl-otasqan-aielimen-azyrasqanyn-malimdedi/

pixel