jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы ірі порттың жанында жарылыс болды (видео)

Оқиға орны
Оқиға орнынан кадр: twitter.com//ihacomtr

Түркияның Коджаэли провинциясындағы Дериндже порты маңында астық қоймасында қатты жарылыс болды, зардап шеккендер бар. Жергілікті билік оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Түркиядағы БАҚ-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті Haber басылымының хабарлауынша, оқиға бүгін түсте элеваторлардың бірінде болған.

Оқиға орнына көптеген өрт сөндіру бригадасы мен жедел жәрдем және құтқарушылар жіберілген.

Басылым тілшілерінің сөзінше, жарылыс дыбысы оқиға орнынан алыс жерде де естілген - бұл жер сілкінісін тудырған.

Әзірге жарылыстың себебі анықталған жоқ.

Провинция губернаторы Сердар Явуз бірнеше адамның жарақат алғанын айтты.

Дериндже мэрі Зеки Айгюн өз кезегінде зардап шеккендер туралы ақпаратты растап, 3-4 адам ауруханаға жіберілгенін нақтылады. Саясаткер жарылыс салдарынан өрт болмағанын да атап өтті. Бірақ жарылыс қатты болған. Бұл жарылыс газдың қысымынан болды деген болжам бар.

Сондай-ақ ол болған оқиғаның салдарынан ешкім көз жұмбағанына үміттенетінін айтты. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар жергілікті IHA басылымы жарылыстан 10 адам зардап шеккенін хабарлады.

Ал Hurriyet басылымы қазір бидай экскаваторлармен көтеріліп жатқанын, ол жерде адамдар болуы мүмкін екенін жазады.

Сондай-ақ басылым мәліметінше, жарылыс бидай тиеу кезінде болған. Оқиға абайсыздық пен техникалық қызмет көрсетудің нашарлығынан болуы мүмкін деген болжам бар.

Түркиядағы ірі порттың жанында жарылыс болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.