Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішінде Евгений Пригожин болуы мүмкін апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы тарады

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған ұшақ
Тверь облысында апатқа ұшыраған ұшақ. Фото: vk.com/afanasybiz

Куәгерлер Ресейдің Тверь облысы Куженкино елдімекеннің маңында құлаған жекеменшік ұшақтың видеосын жариялады. Қаза болғандар арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін.

Ұшақ апатының видеолары Тверь қаласы мен Тверь облысының пабликтерінде жарияланды. Автордың жазуынша, алғашқыда куәгерлер құлаған ұшақты ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шатастырып алған.

Жарияланған кадрлардан түтіндеп жатқан ұшақтың жерге қарай құлап бара жатқанын, құлаған ұшақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын байқауға болады.

Кейін жергілікті пабликтер оқыс оқиға болған жерден басқа да кадрлар жариялады.

Сондай-ақ желіде Росавиация мәліметінше, ішінде "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин болған Embraer Legacy 600 ұшағының қалдықтары бейнеленген фотосуреттер жарияланды.

Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған.

Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар.

Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2033756-isinde-evgenii-prigozin-boluy-mumkin-apatqa-usyragan-usaqtyn-videosy-tarady/

pixel