Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Тергеу комитеті Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза тапқанын растады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Евгений Пригожин
Евгений Пригожин. Видеодан кадр: t.me/Prigozhin_hat

Ресейдің Тергеу комитеті Евгений Пригожиннің Тверь облысында болған ұшақ апатынан қаза тапқанын растады. Әуе апатынан қаза тапқан 10 адамның кім екені анықталды, деп хабарлады ведомствоның ресми сайтында.

"Тверь облысындағы ұшақ апатын тергеу аясында болған молекулярлық-генетикалық сараптамалар аяқталды. Олардың нәтижелері бойынша барлық қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды. Олар ұшу парағында көрсетілген тізімге сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялаған еді.

Жеті жолаушы: Евгений Пригожин, Дмитрий Уткин, Сергей Пропустин, Евгений Макарян, Александр Тотмин, Валерий Чекалов, Николай Матюсеев.

Үш экипаж мүшесі: Алексей Левшин, Рустам Каримов, Кристина Распопова.

Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған.

Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.

Сонымен қатар Embraer Legacy ұшағында қаза тапқан стюардесса Кристина Распопова Қазақстанның тумасы болып шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2034157-reseidin-tergeu-komiteti-evgenii-prigozinnin-usaq-apatynan-qaza-tapqanyn-rastady/