Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда нөсер жаңбыр салдарынан 13 адам қаза тапты

Опубликовано:

Тәжкістандағы су тасқынының салдары
Тәжкістандағы су тасқынының салдары. Фото: t.me/worldprotest

Тәжкістанның бірқатар аймағында нөсер жаңбырдың әсерінен сел мен көшкін жүріп, төтенше жағдай салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Тәжкістан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, 27 тамыздағы нөсер жаңбыр сел мен көшкінге, сондай-ақ Тәжікстанның кей аймақтарында су тасқынына себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан адамдар қаза болып, ғимараттар, жолдар бүлінген.

Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан 13 адам қайтыс болған. Олардың 11-і Вахдат қаласының, екеуі Рудаки ауданының тұрғындары.

Сонымен қатар су тасқынынан Душанбе - Худжанд тасжолы бүлінген.

Басылым жазуынша, ел президенті Эмомали Рахмон табиғи апат салдарынан қаза болған жандардың отбасына көңіл айтып, елдің премьер-министрі Кохира Расулзодаға, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да бейінді құрылымдарға марқұмдардың жақындарына көмек көрсетуді тапсырған.

Бұдан бөлек Эмомали Рахмон табиғи апаттың салдарын жою үшін тез арада шаралар қабылдауды тапсырған.

Сондай-ақ агенттіктің елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, құтқарушылар Вахдатта суға батып бара жатқан көліктен екі адамды алып шыққан.

Елде су алған жолдардан бөлек, көпірлер, ауылдар арасындағы жолдар, қорғаныс ғимараттары, инфрақұрылым нысандары бүлінген. Душанбеде бірнеше ауданында ауыз су беру тоқтатылған. Қазіргі таңда оқиға орындарында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Олар табиғи апаттан келген шығынды есептеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2034323-tazikstanda-noser-zanbyr-saldarynan-13-adam-qaza-tapty/

pixel