jitsu gif
Саясат

    Қазақ әйелі Қырғызстанда беделді саяси қызметке ие болды

    Гүлшат Асылбаева
    Гүлшат Асылбаева. Фото: assembly.kz

    Этникалық қазақ Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің ресми сайтында.

    Қырғызстан Министрлер кабинеті ресми сайтының хабарлауынша, Жогорку Кенештің (Қырғызстанның бір палаталы парламенті) экс-депутаты Гүлшат Асылбаева Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрайымы болып тағайындалды.

    "Тиісті бұйрыққа Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды", - делінген хабарламада.

    Қырғыстан Министрлер кабинеті ресми сайтының мәліметінше, кеше Айбек Мамыралиевтің Монополияға қарсы реттеу қызметін басқаратыны хабарланса, бүгін оның орынбасар болатыны жарияланды.

    Sputnik Қырғызстан агентігінің мәліметінше, Асылбаева Гүлшат Қадырқызы 1960 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылда дүниеге келген.

    1982 жылы Мәскеу сырттай кеңестік сауда институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан бері "Онугуу-Прогресс" фракциясынан Жогорку Кенештің депутаты болды.

    Ол еңбек сіңірген экономист және Қырғыз Республикасының экономика және қаржы нарығының үздігі.

    Сонымен қатар, Жогорку Кенештің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Гүлшат Асылбаева Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.