Жер сілкінісі салдарынан Мароккода қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ жауабы
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер министрлігі Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары бар ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бүгінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін 9 қыркүйекке қараған түні Мароккода 6,9 балдық жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Апат ошағы Марракештен 77 шақырымда болған.
Ал бүгін, 10 қыркүйек күні Мароккодағы алапат жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны екі мыңнан асқаны хабарланды, сондай-ақ тағы екі мыңнан астам адам зардап шеккен.
Марокко королі VI Мұхаммед жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, Корольдіктің мемлекеттік туларын жартылай түсіріп қоюды бұйырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036007-marokkoda-qaza-tapqandardyn-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-zauaby/